Жаңалықтар
Қазақстан хоккейден Азия чемпионы атанды
Ұлттық құрама үшінші жыл қатарынан жеңіске жетті

Қазақстанның шайбалы хоккейден ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Шешуші кездесуде отандастарымыз алаң иелерімен кездесіп, негізгі және қосымша уақытта есеп аша алмады. Буллиттер сериясында Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен басым түсті. Шешуші шайбаны Диас Гусейнов соқты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Жапонияны 3:2, Қытайды 5:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша, ұлттық құрама Азия чемпионы атағын қатарынан үшінші рет иеленді.



