Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатында жүлде алды
Ташкенттегі әлем біріншілігінде отандастарымыз топ жарды

Ташкент қаласында самбодан ересектер арасындағы 50-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күндерінде қазақстандық спортшылар бірнеше жүлдеге қол жеткізді.
Жауынгерлік самбодан Нұрила Асанқызы (+88 кг) күміс медаль иеленді. Ал көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында Мирас Жарылқасын (98 кг) мен Гүлназ Омарбек (50 кг) қола жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ спорттық самбодан Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг) мен Мәдина Ержан (80 кг) қола медаль жеңіп алды. Жауынгерлік самбодан Жадыра Пайыз (50 кг) бен Аружан Әсемқамалқызы (72 кг) күміс жүлдегер атанды.
Ерлер арасында Жандос Бейсенбаев (64 кг) күміс медаль иеленсе, Ниетхан Төлеухан (71 кг) мен Райхан Мәди (98 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Жүзден астам елдің спортшылары қатысқан әлем чемпионаты бүгін мәресіне жетеді.



