Жаңалықтар
Қызылордада жоғалған 6 жасар қыз аман-есен табылды
Полицейлер жоғалған бүлдіршінді жедел іздеп тапты

Қызылорда қаласында полиция қызметкерлері жоғалған 6 жасар қызды іздеп тауып, анасына тапсырды.
Кешкі уақытта полицияға баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Патрульдік және ювеналды полиция инспекторлары дереу іздестіру жұмыстарына кіріскен.
Полицейлер аула аумағын аралап, дыбыс күшейткіш арқылы тұрғындардан көмек сұраған. Нәтижесінде бүлдіршін 32-үйдің маңындағы подъезден табылды.
Баласының аман-есен табылғанына қуанған анасы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.
Полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмай, қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.



