
Бүгін Өнер орталығында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Күймен тербелген – Сыр елі» атты концерті өтті.
Рухани кеш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Кеулімжай Ботабаевтың дирижерлік етуімен ұйымдастырылды. Концертте оркестр ұлттық аспаптарда қазақ күйлері мен музыкалық шығармаларды орындады.
Сахнада жырау Руслан Ахметов, Ақылбек Табынбаев, Мақсат Мұхамеджанов, Нұртуған Ермекқараев, Мұхамеддин Көшербай, Жансұлтан Жұмабек, Бағдат Құдайбергенов пен Ғазиз Жұбанов өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің студенті Саламат Қасқырбек ұстазы Рахман Әбдіқадірмен бірге шертерде өнер көрсетті.
2007 жылы құрылған Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі Сыр өңірінде ұлттық аспаптық музыканы дәріптеп келеді. Бүгінде ұжымның көркемдік жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай, бас дирижері – Руслан Балмасов.
Концерт режиссері – Мәдениет саласының үздігі Азиза Іздіқұлова.



