Жаңалықтар

Италия Meta компаниясына 805 млн еуро айыппұл салды

Meta Facebook қолданушыларының фотоларына рұқсатсыз кірген

Италияның реттеуші органы Meta компаниясына Facebook қолданушыларының фотосуреттері мен бейнежазбаларына келісімсіз қол жеткізгені үшін 805 миллион еуро айыппұл салды.

Ведомство мәліметінше, айыппұл компанияның Ирландиядағы бөлімшесіне салынған. Сондай-ақ реттеуші орган Meta-ға арнайы рұқсатсыз фотосуреттер мен бейнежазбаларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін функцияны 60 күн ішінде өшіруді міндеттеді.

Әңгіме 2023 жылы іске қосылған «Facebook қолданған кезде галереядан ұсыныстар алу» функциясы туралы болып отыр. Ол Android құрылғыларында сақталған фотосуреттерге, бейнежазбаларға және оларға қатысты деректерге арнайы келісімсіз қол жеткізген.

Тергеу 2025 жылдың шілдесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығының шағымынан кейін басталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button