Жаңалықтар

Қызылорда облыстық Фармация департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Нұрсұлтан Ермекбаев жаңа қызметке кірісті

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды. Бұл қызметке Ермекбаев Нұрсұлтан Әлімбайұлы тағайындалды.

Жаңа басшыға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, тұрғындардың дәрі-дәрмекке қажеттілігі мен қолжетімділігін талдау тапсырылды. Сондай-ақ фармацевтикалық ұйымдар жұмысындағы кемшіліктерді жою міндеттелді.

Нұрсұлтан Ермекбаев 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Астана медицина университетінде «Фармация», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2017 жылы Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде бас маман болып бастаған. 2026 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button