Жаңалықтар
Қызылордалық ұландықтар әлем чемпионатында алтын алды
Түркия төрінде екі қызылордалық чемпион атанды

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қызылордадағы 5547 әскери бөлімінің екі қызметшісі Түркияда өткен UNIFIGHT әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
10–15 қараша аралығында Мерсин қаласында өткен жарысқа әлемнің 36 мемлекетінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Бейбіт Махмудхан 60 келі, ал Руслан Абдурашидов 80 келі салмақ дәрежесінде «Классика» бағдарламасы бойынша қарсыластарынан басым түсті.
Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Әлем чемпионатынан оралған жеңімпаздарды Қызылорда теміржол вокзалында әскери бөлімнің жеке құрамы, әріптестері мен туған-туыстары салтанатты түрде қарсы алды.



