Жаңалықтар
Александр Шевченко Стокгольмде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші негізгі кезеңге жолдама алды

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Швецияның Стокгольм қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.
Әлемнің 107-ракеткасы іріктеу кезеңінің финалында ұлыбританиялық Джейкоб Фирнлиді 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде Шевченко 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты сәтті пайдаланды.
Негізгі кезеңдегі қазақстандық спортшының қарсыласы кейін анықталады. Стокгольм турнирі 9–15 қараша аралығында өтеді.



