Жаңалықтар

Орта дәліздің маңызы арта түседі

Қазақстан 55 инфрақұрылымдық жобаны іске асырады

Қазақстанда халықаралық көлік дәліздерін дамытуға арналған 55 жобаның жалпы құны $32,6 млрд. Оның ішінде Орта дәлізге $12 млрд-тан астам қаржы бағытталмақ.

Бұл туралы ЕАДБ сарапшысы Айдос Омаров мәлімдеді.

Инвестицияның негізгі бөлігі автомобиль жолдарына – $22,7 млрд, теміржол инфрақұрылымына $6 млрд-тан астам қаржыға жоспарланған.

Жобалар ТРАСЕКА, Орталық Еуразиялық және Орта дәліз бағыттарын қамтиды. Орта дәліз Азия мен Еуропаны Каспий теңізі, Кавказ және Түркия арқылы байланыстыратын балама транзиттік бағыт саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button