
Қазақстан Республикасы Құрылтайы Бюросының отырысында Қоғамдық қабылдау ашу туралы шешім қабылданды.
Жаңа алаң азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарауға, сондай-ақ халық пен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Қоғамдық қабылдауда депутаттардың азаматтарды қабылдау тәртібі мен кестесін Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Закиева таныстырды. Қабылдауға Құрылтайдың ресми сайты арқылы электрондық өтініш жолдап, жазбаша немесе ауызша түрде жазылуға болады.
Қоғамдық қабылдаудың жұмысын 14 қыркүйектен бастау жоспарланған.



