Жаңалықтар
Қызылордада жаңа кірпіш зауыты жұмысын бастады
Өндіріс жылына 90 млн кірпіш шығаруға қауқарлы

Қала әкімі Нұржан Ахатов қала ардагерлерімен бірге «Қызылорда Саз-М» ЖШС-нің заманауи кірпіш зауытының жұмысымен танысты.

Жоба Мемлекет басшысының жергілікті құрылыс материалдарын өндіру және отандық кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында іске асқан. Өндірісті жүзеге асыруға 5 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, зауыт индустриялық аймақтағы 7 гектар аумақта орналасқан.

Кәсіпорын жылына 90 млн кірпіш өндіруге қауқарлы. Өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Бұл құрылыс материалдарына деген ішкі сұранысты өтеуге және қаладағы құрылыс қарқынын арттыруға мүмкіндік береді. Ардагерлер жаңа өндіріс орындарының көбеюі қала құрылысының сапасын арттыратынын атап өтті.



