
Қызылорда облысының білім басқармасы мен облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлері арасында дәстүрлі ІХ облыстық спартакиада өтті.
Спартакиаданың ашылу рәсіміне облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биылғы додаға облыстың 7 ауданы мен Қызылорда қаласынан 400-ден астам білім саласының қызметкері қатысты. Қатысушылар спорттың 9 түрінен бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының командасы 4 алтын және 3 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте І орынға ие болды.



