Жаңалықтар
Шахматшы қыздар төртінші рет ұтты
Қазақстан шахматшылары Олимпиадада жеңісті жолын жалғастырды

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасының төртінші турында Қазақстанның әйелдер құрамасы Армения командасын 3:1 есебімен сенімді жеңіп, жарыста қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді.
Бұл турда құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісін тіркеді (бұған дейінгі екі ойыны тең аяқталған еді). Ал жас дарын Елназ Қалиахмет турнир басталғалы қатарынан төртінші партиясында жеңіске жетті.
Қазақстан – Армения матчының нәтижелері (3:1):
- Бибісара Асаубаева – Лилит Мкртчян — 1:0 (жеңіс)
- Елназ Қалиахмет – Сусанна Габоян — 1:0 (жеңіс)
- Алуа Нұрман – Мариам Мкртчян — 0,5:0,5 (тең ойын)
- Меруерт Камалиденова – Элина Даниелян — 0,5:0,5 (тең ойын)
Ерлер құрамасы Жапонияны ойсырата ұтты
Төртінші турда Қазақстан ерлер құрамасы да сәтті өнер көрсетіп, Жапония өкілдерін 3,5:0,5 есебімен тізе бүктірді:
- Денис Махнёв – Чан Тхань Ту — жеңіс
- Сауат Нұрғалиев – Сё Оцука — жеңіс
- Даниал Сапенов – Рёске Нандзё — жеңіс
- Жандос Ағманов – Синъя Кодзима — тең ойын
Айта кетейік, дүбірлі дода 11 турдан тұрады және 27 қыркүйекке дейін жалғасады. Кезекті бесінші тур ойындары 20 қыркүйекте өтеді.



