Жаңалықтар

Қызылордада қауіпті учаскелер бақылауға алынды

Жол қауіпсіздігі басты назарда

Үкімет отырысында жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.

Өңірде жол белгілерін жаңарту, қауіпті учаскелерді анықтау және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау тапсырылды.


Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға 40,5 млрд теңге бөлініп, 168 шақырым жол, көше және көпірде жөндеу жүргізілуде. Қауіпті учаскелерге 15 «Sunqar» құрылғысы орнатылды.

Аудандарда 539 бейнебақылау камерасы мен 49 жылдамдық өлшегіш, ал Қызылорда қаласында 1400 камера, 80 зияткерлік қиылыс және 96 стационарлық жылдамдық өлшегіш жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button