
EA Sports FC 27 ойынында Дастан Сәтпаев 68 жалпы рейтингі бар күміс карточкаға ие болды. Ол жаңа FIFA-дағы жалғыз қазақстандық футболшы.
Сәтпаевтың ең жоғары көрсеткіші – жылдамдығы. Ол 83 ұпайға бағаланған. Оның ішінде жылдамдату – 85, ұмтылыс жылдамдығы – 81. Соққысы – 67, дриблингі – 69, пас беруі – 60, физикалық дайындығы – 64.
Ойыншылардың жалпы рейтингінде Сәтпаев 19 мыңнан астам футболшының арасынан 8 235-орында тұр.
18 жастағы шабуылшы «Бернли» сапында жалға ойнайды. Ultimate Team режимінде ол күміс карточка ретінде қолжетімді, ал мансап режимінде оны сатып алып, дамытуға болады.
Айта кетейік, Сәтпаев бұған дейін FC 27-дегі ең перспективті 30 жас ойыншының қатарына енген. Мансап режиміндегі оның әлеуеті 81 ұпайға бағаланған.



