
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режимде қатысты.
Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамыту бағытында нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану тапсырылды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жасанды интеллект жобаларын әзірлеу және тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беру қажеттігі атап өтілді.



