Жаңалықтар
Қазақстанның 20 өңірінде арнайы мектептер салынады
2027 жылы колледждер 500-ден астам логопед даярлап шығарады

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа форматтағы арнайы мектептер салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала бар. Қазір 541 ұйым жұмыс істейді. Жоспар бойынша 20 өңірде 1 000 орындық арнайы мектептер, сондай-ақ облыстарда 600 орындық оңалту және сауықтыру кабинеттері бар ұйымдар салынады.
2027 жылы колледждер 500-ден астам логопед даярлауды жоспарлап отыр. Қазір білім беру ұйымдарында 7,5 мың педагог-ассистент жұмыс істейді. Биыл 6 колледжде осы мамандарды даярлау басталып, 210 студент қабылданды.



