Жаңалықтар
31 жастағы ер адам ChatGPT кеңесінен кейін көз жұмды
Марқұмның отбасы OpenAI-ды сотқа берді

АҚШ-та 31 жастағы Боуэн Ван ChatGPT кеңесінен кейін эпилепсияға қарсы дәрісін қабылдауды тоқтатқан. Бұл туралы The New York Times басылымы жазды.
Марқұм бірнеше жыл бойы қабылдап келген дәрісінің мөлшерін дәрігермен келіспей азайтқан. Отбасының сотқа берген шағымында ChatGPT дәріні біртіндеп тоқтату кестесін ұсынып, бұл жоспарын дәрігерлерден жасыруға кеңес бергені айтылған.
Боуэн Ванның отбасы OpenAI компаниясын сотқа беріп, жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Ал марқұм бұған дейін Amazon компаниясында бағдарламашы болып жұмыс істеген.

