Жаңалықтар

«Ғасыр үні» концерті көрерменге жол тартты

Қызылордада қазақ музыкасының классиктеріне арналған кеш өтті

Өнер орталығында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 120 жылдығына, Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған «Ғасыр үні» атты мерейтойлық концерт өтті.

Кеш қазақтың кәсіби музыка өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғалардың шығармашылық мұрасына арналды. Облыстық симфония оркестрі ұлы композиторлардың туындыларын орындап, көрерменге классикалық музыканың әсемдігін жеткізді.

Концертте «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсеитова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Сымбат Тасбергенова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Сондай-ақ скрипкашылар Әсел Сейтжанова мен Даниил Музыкант классикалық шығармаларды орындады.

Кештің көркемдік мазмұнын камералық хор, «Сыр самалы» вокалды-аспаптық ансамблі және «Томирис» би ансамблі толықтырды.

Айта кетейік, Ахмет Жұбанов — композитор, дирижер әрі музыкатанушы. Латиф Хамиди «Абай» операсы мен «Қазақ вальсі» туындылары арқылы танылған. Ал Ермек Серкебаев қазақ опера өнерін әлемге танытқан әйгілі әнші.

Басқа жаңалықтар

Back to top button