Жаңалықтар

Қызылордада жол сапасына бақылау күшейтіледі

Жолдағы кемшіліктер үш күнде жойылуы тиіс

Премьер-министр Олжас Бектенов автомобиль жолдары саласын реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режимде қатысты.

Аймақ басшысы автокөлік бекеттерін жаңғыртуды жеделдетіп, ауыр жүк көліктеріне бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ қала және аудан әкімдеріне жолдардағы анықталған кемшіліктерді үш күн ішінде жою міндеттелді.

Қызылорда облысында 3 525 шақырым автомобиль жолы бар. Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға 43,8 млрд теңге бөлініп, 168 шақырым жол мен көше және көпірлер жөнделіп жатыр. Жыл соңына дейін жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 95,5%-ға жеткізу көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button