Жаңалықтар

Қазақстан Қытаймен әуе қатынасын кеңейтеді

Екі ел арасындағы рейстер саны 180-ге жетеді

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы кеңейеді. Екі ел аптасына рұқсат етілген рейстер санын 150-ден 180-ге дейін арттыруға келісті.

Сонымен қатар Қытайдың Чэнду және Қашғар қалаларын әуе бағыттарының тізіміне қосу жоспарланып отыр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл өзгерістер тікелей рейстердің қолжетімділігін арттырып, екі ел арасындағы туристік және іскерлік байланысты дамытуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button