Жаңалықтар

Глеб Новиков жасөспірімдер Олимпиадасында 22-орын алды

Қазақстандық велошабандоз жеңімпаздан 59 секундқа кеш келді

Қазақстандық велошабандоз Глеб Новиков Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында тасжолдағы топтық жарыста 22-орын иеленді.

Спортшы 76,5 шақырым қашықтықты 1 сағат 48 минут 3 секундта жүріп өтті. Ол жарыс жеңімпазынан 59 секундқа қалып қойды.

Алтын медальді бельгиялық Даан Вилмсен иеленді. Күміс жүлде ресейлік Степан Бортникке, қола медаль аустралиялық Калеб Маккензиге бұйырды.

Айта кетейік, Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан атынан 18 спортшы өнер көрсетіп жатыр. Қоржынымызда екі медаль бар. Дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола жүлде жеңіп алған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button