Мемлекеттік көмек кімдерге көрсетілуі тиіс?
Әлеуметтік төлемдерге қатысты жаңа тапсырмалар берілді

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте әлеуметтік төлемдерді тағайындау және мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттау мәселелері қаралды.
Аймақ басшысы әлеуметтік қолдауды қысқарту емес, оның нақты мұқтаж отбасыларға жетуін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ қала және аудан әкімдіктеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев баяндама жасады.
Мәжіліс қорытындысы бойынша «Отбасының цифрлық картасындағы» мәліметтердің дұрыстығын тексеру, әлеуметтік төлемдерді тоқтату кезінде заң талаптарын сақтау және қиын жағдайға тап болуы мүмкін отбасыларды алдын ала анықтау жөнінде тапсырмалар берілді.



