Жаңалықтар
Студенттер кино кейіпкерлерін дыбыстады
Қызылордада «Жанды кітап» жобасы аясында өнер сайысы өтті

А.С. Пушкин атындағы орталық кітапхана «Қазақфильм» киностудиясының құрылғанына 85 жыл толуына орай студенттер арасында «Жанды кітап» жобасы аясында кино дыбыстау сайысын өткізді.
Сайыста қатысушылар «Қыз Жібек», «Көксерек», «Менің атым – Қожа», «Гауһар тас» фильмдері мен «Алдар көсе», «Маугли», «Толағай» мультфильмдерінің үзінділерін дыбыстады.
Сайыстың ерекшелігі – кейіпкерлердің дауыстарын фонограммасыз, дыбыстық өңдеусіз және компьютерлік бағдарламаларсыз, тек табиғи дауыспен жеткізу.
Өнер додасына «Жігер», «Білімділер» және «Дарабоз» атты үш топ қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылардың өнерін әділ қазылар алқасы бағалап, үздіктерді жүлделі орындармен марапаттады.



