Жаңалықтар

Қызылордада 275 түп ағаш егілді

Облыс әкімі экологиялық акцияға қатысты

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясындағы «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» акциясына қатысты.

Іс-шараға облыс және қала әкімдігінің өкілдері, басқарма басшылары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен «Әділет» партиясы филиалының еріктілері қатысып, 150-ден астам адам жиналды.

Акция барысында 25 түп арша мен 250 түп терек көшеті отырғызылды.

Шара аясында облыстың барлық ауданында да ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Оған 9 163 адам қатысып, 5 875 түп көшет отырғызды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button