Жаңалықтар
Балалар арбасымен автобусқа кіруге шектеу қойылмайды
Көлік министрлігі ата-аналардың өтінішін ескерді

Көлік министрлігі қоғамдық көлікте балалар арбасын алып жүруге қатысты ережелерді қайта қарауға жіберді. Бұл туралы Көлік министрі Әсел Жанасова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, ата-аналарды балалар арбасын жинауға немесе автобустан түсуге мәжбүрлеуге болмайды. Сондай-ақ арбамен қоғамдық көлікке кіруге ешқандай тыйым енгізілмейді.
Ережелерді қайта қарау ата-аналардың өтініштерін ескере отырып, жолаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.



