Жаңалықтар

«Жосалы» теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жобаға 986 млн теңге бөлінді

Қармақшы ауданында қайта жаңғыртылған «Жосалы» теміржол вокзалының ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Құрылтай депутаттары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.


«Жосалы» станциясы 1905 жылы «Орынбор–Ташкент» теміржол магистралі бойында салынған. Станцияның пайда болуы Жосалының экономикалық және әкімшілік орталық ретінде қалыптасуына ықпал етті.


Соңғы рет 2012 жылы жөнделген вокзалға қазір толық жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жобаға 986 млн теңге бөлінді.
Аумағы 674,6 шаршы метр вокзал тәулігіне 200 жолаушыға қызмет көрсетеді. Ғимараттың қасбеті мен іргетасы, шатыры, есік-терезелері жаңартылып, электр және жылу жүйелері жүргізілді. Перрон аумағы да абаттандырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button