Жаңалықтар

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасына құрмет көрсетілді

Серік Дүйсенбаев 75 жасқа толды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылорда облысының құрметті азаматы Серік Дүйсенбаевты 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Кездесуде мерейтой иесінің өңірдің дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі мен еңбек жолы атап өтілді. Сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың және облыс әкімінің құттықтаулары табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Серік Әбішұлы еңбек жолында өндіріс, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салаларда жауапты қызметтер атқарған. 2017-2025 жылдары Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы болды.

Мерейтой иесіне мемлекет және қоғам қайраткерлері мен сала ардагерлері де ізгі тілектерін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button