
Қызылорда облысында 63 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың бір бөлігі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Облыс орталығында 300 орындық көп салалы аурухана құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда онкологиялық бөлімше мен күніне 100 адам қабылдайтын емхана болады. Ал Титов қыстағында күніне 400 адамға арналған жаңа емхана салынуда.
Қаладағы ірі жобалардың бірі — аумағы 25 мың шаршы метрден асатын, Олимпиада стандартына сай салынып жатқан «Қызылорда Арена» спорт кешені.
Сонымен қатар 500 орындық драма театр мен 600 мың кітап қоры бар тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана бой көтеріп жатыр.



