Қызылордада республикалық ақпараттық топтың кездесулері өтті
Сыр өңірінде Президент Жолдауының міндеттері түсіндірілді

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулері өтті.
Алғашқы кездесу «Достық үйінде» зиялы қауым, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, министрліктердің өкілдері және облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысты.
Келесі кездесу «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясында» энергетика саласының ардагерлері мен жұмысшы мамандарымен өтті.
Жиындарда экономиканы жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік саясат, энергетикалық қауіпсіздік және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жаңа Азаматтық кодекс қабылдау, электр энергиясын өндіру көлемін арттыру және әкімшілік кедергілерді азайту бағыттары сөз болды.
Кездесу барысында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өңірдегі жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.



