Қазақ тілін дамытуға арналған IT жобалар ұсынылды
Жастар мемлекеттік тілге арналған тың жобаларын таныстырды

Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін қолдануға арналған IT өнімдер» атты облыстық байқау өтті.
Байқауға жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, IT мамандары қатысып, қазақ тілін үйренуге, қолдануға және насихаттауға бағытталған жобаларын ұсынды.
Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы жобалардың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңызы бойынша бағалады.
Байқау қорытындысымен І орынды «Qaz Standart», ІІ орынды «Qadam», ІІІ орынды «Teketires» топтары иеленді. Ал «QazaqTube 1», «QazaqTube 2», «Qazaq MonkeyType», «GylymHUB», «Sauatty zamandas» топтарына ынталандыру сыйлықтары берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды. Байқау қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейтуге және отандық IT өнімдерді дамытуға бағытталды.



