Жаңалықтар
Қызылордада әскери бөлімдердің базасы жаңартылады
Мұрат Ергешбаев Ұлттық ұлан өкілімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бекайдар Қазкеевті қабылдады.
Кездесуде өңірдегі әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі қазан айында әскери бөлімдерді аралау барысында бірқатар мәселе анықталғанын атап өтті. Қазір жергілікті демеушілерді тарта отырып, жаңарту жұмыстары қолға алынған.
Айта кетейік, Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінде мыңнан астам әскери қызметші ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп келеді.



