
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымы мен өрт қауіпсіздігі мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.
Қызылорда облысында жылу маусымына қажетті 80 мың тонна көмірдің 82 пайызы қоймаларға жеткізілген. Оның 68 мың тоннасы тұрғындарға, 12 мың тоннасы әлеуметтік нысандарға арналған.
Өңірдегі 1079 әлеуметтік нысан мен 943 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Үкімет отырысынан кейін Мұрат Ергешбаев жауапты сала басшыларына жылу желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, көмір қорын толықтыру және өрт қауіпсіздігін бақылау бойынша тапсырмалар берді.



