
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты ауылдық кітапханалардың ұйымдастыруымен А.С. Пушкин атындағы орталық кітапханада «Тіл шеберлері» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Шараның мақсаты – жас оқырмандардың шығармашылық қабілетін шыңдап, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру және ана тілінің қадір-қасиетін дәріптеу.
Байқауға 9 үміткер қатысып, туған тіл мен ана тілі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Қатысушылардың өнерін Қызылорда «Болашақ» университетінің аға оқытушысы Қадыргүл Шаймағанбетова, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақжол Түменбай және №12 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Света Әлібекова бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасының оқырманы Хамза Еркеназ;
ІІ орын – Абай ауылдық кітапханасының оқырманы Болатбек Айару;
ІІІ орын – №10 Қызылөзек ауылдық кітапханасының оқырманы Бақытбекқызы Еркеназ.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



