
Қазақстанға шетелден заңсыз әкелінбек болған жалпы салмағы 107 тонна өнімнің транзитіне тосқауыл қойылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тексеру кезінде Шешен Республикасынан Түркістан облысы мен Шымкентке жөнелтілген 88 тонна бидай кебегінің ветеринариялық құжаттары мен таңбалауы болмаған. Сонымен қатар өнімге қажетті термиялық өңдеу жүргізілмеген.
Беларусьтің Минск облысынан Ташкентке транзитпен жөнелтілген 19 тонна сүйексіз сиыр еті мен жартылай фабрикаттар да талаптарға сай келмеген.
Нәтижесінде барлық өнім жөнелтілген орындарына кері қайтарылды.
Жыл басынан бері «Сырым» өткізу бекетінде 230 заң бұзушылық анықталып, 230 көлік кері қайтарылған. Жалпы сомасы 8,9 млн теңге болатын 100 әкімшілік хаттама толтырылған.



