Тоқаевтың ең танымал үш бастамасы анықталды
Құрылтай, ЖИ жылы және «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолдау тапты

Қазақстандықтардың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім деңгейі 86,7%-ға жетті. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының 2026 жылдың III тоқсанындағы зерттеуінде айтылды.
Сауалнама нәтижесінде ең көп қолдау тапқан бастамалар қатарында бір палаталы Құрылтайға көшу, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бар.
Респонденттердің 65,8%-ы Президент бастамалары туралы ақпаратты тұрақты немесе оқтын-оқтын алып тұратынын айтқан. Сонымен қатар технология, атом энергетикасы, білім мен ғылым және «Таза Қазақстан» бастамалары қоғамның қызығушылығын тудырған.
Сауалнама 31 шілде мен 16 тамыз аралығында жүргізіліп, 2 400 адамды қамтыды. Іріктеменің ауытқу шегі 95% сенімділік ықтималдығында 2%-дан аспайды.



