Жаңалықтар
Қызылордада 12 мың адам сенбілікке қатысты
Қызылордада Дүниежүзілік тазалық күніне орай акция өтті

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қызылорда облысында жаппай экологиялық акция өтті. Оған еріктілер, эко белсенділер, жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен қоғам өкілдері қатысты.

Өңірдің барлық елді мекенінде және Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионында сенбілік өтіп, ағаш көшеттері отырғызылды.
Акция барысында облыс бойынша 12 мыңға жуық адам қатысып, 1750-ге жуық тал егілді.
Жыл басынан бері тазалық шараларына 328,8 мың адам қатысып, 8741 тонна қоқыс шығарылған. Сонымен қатар 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1019 әлеуметтік және 1897 өнеркәсіп пен бизнес нысаны тазартылды. Жұмыстарға 548 техника жұмылдырылды.


