Жаңалықтар

Нобель сыйлығының көлемі өсті

Нобель қорының хабарлауынша, биыл сыйақының ақшалай мөлшері әр санат бойынша 12 миллион швед кронына дейін (шамамен 1,22 миллион доллар) ұлғайтылды. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 миллион кронға (шамамен 101 мың доллар) көп.
Айта кетейік, алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылы табысталған кезде оның мөлшері 150 782 крон болған. Кейінгі 15 жылда марапат сомасы бірнеше рет өзгеріп, 2012 жылы тіпті 10 миллионнан 8 миллион кронға дейін қысқартылған еді.
Биылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5–12 қазан аралығында жарияланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button