Жаңалықтар

Кассациялық сот 1 700-ден астам істі қарады

Жүздеген сот актісі өзгертілді

Қазақстанда 2025 жылғы 1 шілдеден бастап кассациялық соттар жұмысын бастады. Жаңа жүйе бойынша қылмыстық істерді қайта қарау мүмкіндігі кеңейтілді.

Бас прокуратураның мәліметінше, бір жыл ішінде кассациялық сот 1 717 адамға қатысты 1 320 қылмыстық істі қайта қараған. Нәтижесінде сот актілерінің 30%-ы өзгертілді немесе күші жойылды.

Процесс қатысушыларының шағымдары бойынша 381 адамға қатысты сот актілерінің күші жойылып, өзгертілді. Оның ішінде 10 адам толық, 15 адам ішінара ақталды.

Прокурорлардың наразылықтары бойынша 182 сотталғанның жағдайы жақсартып, 5 адам ақталды. Кей істерде жаза жеңілдетіліп, қосымша жазалар алынып тасталды немесе қылмыстың саралануы өзгертілді.

Кассациялық сот қараған істер барысында сотталушылардың қорғаушының қатысуы, сот отырысына қатысу және өз ұстанымын білдіру құқықтарының бұзылған фактілері де анықталған.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты істер қайта қаралып, 8 адамға қатысты сот актілерінің күші жойылып, істер жаңа қарауға жіберілді.

Экономикалық мүдделерді қорғау бағытында да прокурорлар наразылық енгізіп, мемлекет кірісіне қаражат өндірілді. Соның ішінде бір іс бойынша 2,8 млрд теңге мемлекет пайдасына тәркіленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button