
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев жеке мәселелері бойынша 19 азаматты қабылдады. Оның үшеуі онлайн форматта қатысты.

Кездесуде әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмыспен қамту мәселелері көтерілді.

Тасбөгет тұрғыны Ә.Молдағұлова көшесі бойынан балалар ойын алаңын салуды ұсынды. Бұл аумақтан жер телімі анықталып, бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда алаң кезең-кезеңімен салынбақ.
Қармақшы ауданының тұрғыны Төретам мен Жосалыдағы автобекеттердің жұмысына қатысты мәселе көтерді. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін Жосалыда «Айым» кафесі маңында 15 шілдеден бастап диспетчерлік пункт жұмыс істеп келеді. Мұнда 15 автобус пен 5 «Спринтер» жолаушы тасымалдайды.
Көтерілген мәселелерді заң аясында шешу жауапты басшыларға тапсырылды.


