
2026 жылғы 22 қыркүйектегі өкіммен Ержан Нақылов Арал қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ержан Нақылов 1988 жылы Арал қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану, 2015 жылы «Болашақ» университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында бастаған. Әр жылдары Ақтөбе облысының әділет департаментінде, Арал ауданы әкімдігінің аппаратында түрлі қызметтер атқарған.
2023 жылдың шілдесінен бастап Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшы орынбасары қызметін атқарып келген.


