KZO life

Қазақ зиялылары сабақ берген қала — Қызылорда

Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Темірбек Жүргенов… Бұл тұлғаларды қазақ әдебиеті мен тарихынан жақсы білеміз. Ал олардың Қызылордада сабақ бергенін білесіз бе?

1925 жылы Қазақ халық ағарту институты Қызылордаға көшірілді. Бұл оқу орны қазақ мектептеріне мұғалім даярлауда маңызды рөл атқарды.

Мұнда Сәкен Сейфуллин сабақ беріп, кейін институт ректоры қызметін атқарды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінен, Сәбит Мұқанов орыс тілінен, Телжан Шонанов өлкетану пәнінен, Құдайберген Жұбанов педагогикадан дәріс оқыды. Ал Темірбек Жүргенов қазақ әдебиетінен сабақ берді.

1927 жылғы 10 қыркүйектегі хаттамада ұстаздардың пәндері мен оқу сағаттары нақты көрсетілген. Бұл — қазақ зиялыларының Қызылордадағы ағарту ісіне қатысқанын айғақтайтын тарихи дерек.

Бүгінде біз олардың есімдерін кітаптардан оқимыз. Ал бір ғасыр бұрын олар осы қалада шәкірт тәрбиелеп, қазақ білімінің дамуына үлес қосты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button