Эко-әлем

Қызылордада су үнемдеу семинары өтті

67 мың оқушы «Су және білім» жобасына қатысты

Қызылордадағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте су ресурстарын үнемдеу мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған республикалық семинар өтті.

Жиынға ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов, облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов және өзге өңірлерден келген мамандар қатысты. Семинарда «Су және білім» жобасының нәтижелері қорытындыланып, суды ұтымды пайдалану мен экологиялық тәрбиені күшейту мәселелері талқыланды.

Жоба аясында өңірдегі 55 мектепте су клубтары құрылып, 67 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылды. 2 843 интерактивті сабақ өткізіліп, 4 876 экологиялық бастама жүзеге асырылды. Нәтижесінде қатысушылардың суды үнемдеу туралы білім деңгейі 48,8%-дан 93%-ға дейін өскен.

Семинар соңында жобаға үлес қосқан білім беру ұйымдарының өкілдері марапатталып, байқау жеңімпаздарына сертификаттар табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button