Жаңалықтар

OpenAI GIF-анимация жасау мүмкіндігін іске қосты

Жаңа модель суреттерді 50%-ға жылдам жасайды

OpenAI компаниясы Images 2.6 жасанды интеллект моделінің жаңартылған нұсқасын таныстырды. Ол суреттерді 50%-ға жылдам жасап, статикалық кескіндерді GIF форматына айналдыруға мүмкіндік береді. Жаңа модель мәтіндік сұраныс арқылы кейіпкерлерді жандандырып, тауарлардың қозғалыстағы бейнелерін және әлеуметтік желілерге арналған анимациялар жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар дайын суреттерді дәлірек өңдеп, кейіпкерлердің сыртқы келбетін, тауарлардың ерекшеліктері мен брендтердің фирмалық стилін сақтай алады.

Әзірлеушілерге Flare және Sunburst атты екі нұсқа ұсынылған. Flare жылдам жұмыс істеуге бағытталса, Sunburst күрделі тапсырмалар мен жоғары детализацияға арналған.

Модель суреттің жекелеген бөліктерін өзгертуге және дайын жұмыстарды SVG форматында экспорттауға да мүмкіндік береді.

Қазір Images 2.6 ChatGPT және Codex пайдаланушыларына барлық тарифтік жоспарларда қолжетімді. Ал әзірлеушілер оны API арқылы пайдалана алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button