Жаңалықтар
Шекарада 3 318 құқық бұзушылық тіркелді
Қазақстан шекарасында заңсыз тасымалдар анықталды

ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы қазанда мемлекеттік шекарада 3 318 құқық бұзушыны ұстады. Оның 2 791-і – шетел азаматтары.
Бір айда жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асатын заңсыз жүк тасымалының 1 267 дерегі анықталды.
Каспий теңізінде браконьерліктің 119 фактісі тіркелді. Нәтижесінде 933 келі бекіре тұқымдас балық пен 88 шақырым заңсыз аулау құралы тәркіленді.
Құқық бұзушылықтар бойынша 47 қылмыстық және 3 021 әкімшілік іс қозғалды. 35 млн теңгеден астам айыппұл салынды.



