Жаңалықтар
Қазалыда газдандыру жұмыстары жалғасуда
Жанқожа батыр мен Ү.Түктібаев ауылдарына газ берілді

Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр және Ү.Түктібаев ауылдары көгілдір отынға қосылды. Газ қосу рәсіміне облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.
Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Өңірде 2022–2025 жылдары 65 млрд теңгеден астам қаржыға 77 жоба жүзеге асырылып, 11 елді мекенге газ жеткізілді. Қазіргі таңда облысты газдандыру деңгейі 83 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін тағы 10 елді мекенге газ беру жоспарланған.




