Жаңалықтар
«Қазпошта» атынан жалған хабарламалар жіберілуде
+212 кодынан келген хабарламаға сенбеңіз!

Бас прокуратура азаматтарға +212 кодымен келетін «Сәлемдемеңіз келді» деген жалған хабарламалар туралы ескертті.
Алаяқтар мекенжайды нақтылау сылтауымен сілтеме жіберіп, жеке деректерді енгізуді сұрайды. Жалған сайт ресми «Қазпошта» парақшасына ұқсатып жасалған.
Мамандар бейтаныс сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерді енгізбеуге және ақпаратты тек «Қазпоштаның» ресми арналары арқылы тексеруге шақырады.
Ескерту: хабарламаның сауатты қазақ тілінде жазылуы оның шынайы екенін білдірмейді.



