Жаңалықтар

Әлішер мен Арай сахнадағы он жылдық белесін атап өтті

Қызылордада «Ерекшем» атты мерейтойлық концерт өтті

Қызылордадағы Өнер орталығында облыстық филармонияның солистері Әлішер мен Арайдың шығармашылық дуэтіне 10 жыл толуына орай «Ерекшем» атты мерейтойлық концерті өтті.

Өнерде де, өмірде де бірге жүрген жұп он жыл ішінде көрерменнің ықыласына бөленді. Мерейтойлық кешке хитмейкер Баха мен қызылордалық жас әнші Досбол Нұрылла қатысып, өнер иелерімен бірге ән шырқады.

Сондай-ақ «Томирис» және «Ai-Aru» би ансамбльдері өнер көрсетіп, Ердос Есқали мен Аружан Мамзада сахналық қойылым ұсынды.

Концерт барысында Әлішер мен Арайдың бірнеше жаңа әнінің тұсауы кесілді. Өнер иелері он жылдық шығармашылық жолындағы жетістіктерін көрерменмен бөлісті.

Айта кетейік, Әлішер – «Самғау» жастар сыйлығының номинанты. Ал Арай халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Тұран» және «Самғау» жастар сыйлықтарының иегері.

Концерт режиссері – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Азиза Іздіқұлова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button