Жаңалықтар

Жас ғалымдарды қандай жаңалықтар күтіп тұр?

Ғылым саласына бөлінген қаржы 3,2 есе артты

Елімізде ғылым саласын қаржыландыру соңғы 7 жылда 3,2 есе өсіп, былтыр 261,5 млрд теңгеге жетті. Ғылым комитетінің мәліметінше, соңғы екі жылда 800-ге жуық ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Ендігі міндет – зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу.

Қазір қазақстандық ғалымдардың жартысына жуығы – жастар. Елде 15 мыңға тарта жас зерттеуші бар. Келесі жылы олар су ресурстары, сейсмикалық қауіпсіздік, стратегиялық минералдар, энергетикалық материалдар және автожол технологиялары бағытындағы ғылыми бағдарламаларға тартылады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Алмас Гаухардың айтуынша, жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен сыйлықтар қарастырылған. Сонымен қатар олардың ғылыми жетістіктерін мойындау және әлеуметтік мәселелерін шешу бағытында қолдау көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button