Жаңалықтар
«Заманбек 2» мен «Бажа» миллиардтық межеден асты
Қазақстандық фильмдер прокатта рекорд жаңартты

Қазақстандық фильмдер прокатта жоғары көрсеткішке жетіп жатыр. «Заманбек 2» картинасының кассалық түсімі 1 млрд 600 млн теңгені құрады. Бұл алғашқы бөлімнің 1 млрд 480 млн теңгелік нәтижесінен жоғары.
Ал «Бажа» комедиясы прокаттан 1 млрд 100 млн теңге жинады.
Сонымен қатар отандық продюсерлердің өзара қолдауы да артып келеді. Соның нәтижесінде «Бауыр» фильмі KINO.KZ платформасында үш күн ішінде 18 700-ден астам билет сатқан.
Киноиндустрия өкілдерінің пікірінше, мұндай қолдау ұлттық киноға деген қызығушылықты арттырып, саланың дамуына ықпал етеді.



